Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандық жас композитор Денис Тенге арнап композиция жазды

111

Ол бірқатар республикалық байқаулардың, Астана өткен MusicStar байқауының лауреаты. Нұрәлі Денистің өлімі өзін қатты толқытқанын жеткізді.

«Денис Тен Қазақстанның атын әлемге шығарған тұлға. Оның қазасын естігенде қатты толқыдым. Ойымда жүрген әуенді соның қазасына арнағым келді», – деді жас автор.

Айта кетерлігі, Нұрәлінің отбасында барлығы дерлік кәсіби музыканттар.

«Мен өзім музыкант емеспін. Бірақ музыкадан хабарым бар. Үлкен ағамыз Нұрсәт Бейсеқожаев Түркістан облысы филармониясының директоры, композитор күйші. Менен кейінгі інім Ғаламат та Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепте домбыра класында оқиды. Оның да бірнеше күйі бар. Ең кіші інім Нұрәлінің жолы басқаша. Ол – пианиношы-скрипашы. Классикалық музыка жолымен кетті», – деді ағасы.

Оның айтуынша, болашақта аталған композицияға монтаж жасап, бейнебаян түсіру жоспарда бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз