Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
15
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстандық миллиардер Фаттох Шодиев өзбек президентінің жанынан шықпайды екен

Дереккөз мәліметі бойынша, Фаттох Шодиев Өзбекстандағы кәсібін Мирзиёев билік басынан келгеннен кейін бастаған. Биыл ақпанда өзбек басшысы барып көрген Ташкент металлургия зауыты Шодиевке тиесілі.

Өзбекстан үкіметі мақұлдаған Tashkent City жобасын да Шодиев жүргізеді, деп хабарлады дереккөз. Бұл жобаның құны – 1 миллиард доллар.

“Қазір Фаттох Шодиев Ташкентте жүр. Өзбекстанның бүкіл байлары соның қасынан шықпайды. Ол Ташкент орталығында 20 қабатты екі сауда орталығын салуды көздеп отыр”, – деді дереккөз.

2017 жылы ​Шодиев Forbes журналының байлар тізімінде 1161-орын алды. Оның байлығы – 1 миллиард 840 миллион доллар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз