Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақстандық әртістер ақшаларын қайда жұмсайды

478

Әнші Бүркіт қарапайым отбасында дүниеге келсе де шалқып өмір сүргенді жақсы көреді. Әртіс жиі саяхаттайды, қазіргі таңда ештеңеге мұқтаж емес. Қаржылық мүмкіндігіне қарай өзіне және жақындарына сый-құрмет көрсеткенді жиі қалап тұрады.

«Балаларымның қалағанын алып беремін. Киім болсын, ойыншық болсын — не сұраса соны алдарына тосамын. Ең қымбат ойыншық — кішкентай көлік. Оны әр бала армандайтын шығар», — деді Бүркіт «Ел аузында» бағдарламасында.

Әнші Динара Сұлтан сырт келбетіне өте мұқият қарайтынын жасырмады. Ерекше көйлектерді көргенде өзін-өзі ұстай алмай қалатын кездері болатынын жасырмады.

«Тапқанымның 30%-ын киімге жұмсаймын. Тек қазақстандық дизайнерлердің киімін киемін. Бағасын айтпай-ақ қояйын, бірақ қалтаға салмақ салатыны анық», — деп пікір білдірді Динара Сұлтан.

Маржан Арапбаева, киім мен аяқ-киімдерге аз қаражат жұмсамайтынын айта келе, тағамға талғампаз екенін айтты. Азық-түлік дүкеніне бір кіргенде 100 мың теңгеге дейін қаражат қалдырып кеткен кездері болыпты.

«Мен отбасыма дәмді тағамдар әзірлегенді жақсы көремін. Түрлі теңіз өнімдерін сатып алып, ащы тағамдар дайындаймын. Ащы тағамдарды қатты жақсы көремін», — дейді Маржан.

Көбі қаражатты өзіне жұмсаса, Роза Әлқожа барлық ақшасын концерттерін ұйымдастыруға салатынын айтты. Өз үйі болмаса да Алматы мен Нұр-Сұлтанда үлкен концерт ұйымдастырған.

«Күйеуім “Концертсіз өмір сүре аласың ба?” деп сұрайды. Ал мен концерт бергенді жақсы көремін. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы концертім 13 млн теңге тұрды, ал Алматыдағы жалпы шығын 22 млн-ға шақты», — деп пікір білдірді Роза «Ел аузында» бағдарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз