Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
6
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Қазақстанды суық және қарлы қыс күтуде

114

Бұл туралы 31-арна хабарлайды.

Министр орынбасары халыққа қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жолдардың жабылғаны туралы төтенше хабарламаларға құлақ түруді ұсынды.

Шенеуніктер қыстың негізгі проблемасы қала сыртындағы трассалар екенін мойындауда. Нақтылап айтатын болсақ, олардың қолайсыз ауа райы кезіндегі жағдайы негізгі мәселе болып табылады. Бұл әсіресе Алматы және Ақмола облыстарының қолданыстағы автожолына қатысты. Ал биыл оған Павлодар-Астана жолдары қосылады. Оның үстіне жолдың тайғақтығы аздай сонымен қатар, «Қазавтожол» тас жолдарды уақытында тазартпайды. Ильиннің айтуынша, оларда жабдықтар жеткіліксіз.

Тағы бір себеп – жүргізушілердің өзі албырттық танытады. Көпшілі нашар шинамен жүреді және кейбірі жылдамдық тәртібін сақтамайды.

Екінші мәселе қалалардағы құрылымдардың, ғимараттардың қасбеттері, бағаналар мен жарнамалық қалқандардың құлауынан болатын адамдардың қауіпсіздігі болмақ.

«Қандай да бір нысан пайдалануға берілгеннен кейін, біздің үш жыл бойы оны тексеріп баруға құқығымыз жоқ. Бірақ үш жылдан кейін, тексеруге шыққанда өрт қауіпсіздігінен бастап көптеген ережелер мен нормалардың бұзылғанын анықтаймыз. Ал бұл ғимараттағы адамдарға қауіп төндіреді»,- дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Юрий Ильин.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз