Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстандағы ең танымал шенеуніктердің күйеу балалары кім?

1074

Тимур Құлыбаев – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның жары. Қазақстандағы мұнайгаз және энергетика секторындағы кәсіпорындардың басын біріктірген Kazenergy ассосациясының төрағасы, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы.

 

Бейбіт Әлібеков

Бейбіт Әлібеков – бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсоваға үйленген. Ол – қазақстандық медиаменеджер, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы, First Media Group медиахолдингінің басшысы.


Ғалымжан Есенов

Ғалымжан Есенов – Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтың күйеу баласы. Белгілі ғалым Шахмардан Есеновтің ұлы – қазақстандық банктің иесі, жеке кәсіпкер.

Кеңес Рақышев

Кеңес Рақышев Қазақстанның Ресейдегі елшісі, саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің қызын алып отыр. Табысты кәсіпкер Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарында жетінші орында.

 

Шоқан Маратұлы

Шоқан Маратұлы – белгілі бизнесмен Райымбек Баталовтың қызы Анельмен жақында ғана некелесті. Оның қайын атасы да Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің бірі.

 

Рахат Тұрлыханов

Рахат Тұрлыхановтың әйелі Жәмилә Әбілова – танымал саясаткер, меценат әрі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы. 2000 жылдардың басында Рахат Тұрлыханов әнші ретінде танымал болатын. Шығармашылық мансабын тоқтатқан Рахат саясатқа араласып, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісінің үшінші хатшысы және Ұлттық экономикалық палатада жастардың кәсіпкерлік департаменті директоры қызметтерін атқарды.

 

Айсұлтан Назарбаев

Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев “Сандхерст” корольдік әскери академияны бітіріп, бүгінде “Қазақмыс” корпорациясында жұмыс істейді. Оның әйелі Әлима Боранбаева – “Қайрат” футбол клубын бақылау кеңесінің төрағасы, Қайрат Боранбаевтың қызы. 

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз