Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда «жасыл» энергетиканың халықаралық аукционы өтеді

Аукцион шеңберіндегі іріктеу параметрлері жаңартылатын энергия көздері объектіліерін орналастыру жоспарына сәйкес, Еуропалық экономика қауымдастығы аймақтары бойынша рұқсат етілген қуаттар шекті мөлшерінің мақсатты индикаторын, инфрақұрылымдардың дайындығын және электрэнергиясын тұтыну қажеттілігін ескере отырып жасалды. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті де ескерілетін болады.

Сауда-саттықта жеңіске жеткен компания Энергия өндіретін компаниялар тізіміне енгізіледі және  15 жыл электр энергиясын сатып алуға мүмкіндік беретін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен контрактыны иеленеді.

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны жүзеге асыруға ниет білдірген инвестор өзінің төлемқабілеттігін растайтын негізгі құжатты ұсынуға тиіс. Ол аукциондық сауда-саттыққа қатысуды қаржылай қамтамасыз етуді енгізу туралы құжат болуы мүмкін.

Халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша толық көлемдегі барлық қажетті ақпарат Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында орналасқан. Онда сауда-саттықты өткізу кестесі, резервке алынған бос жерлер туралы ақпарат, электр желілеріне қосылатын тораптар бойынша қосуға рұқсат етілген қуаттың шекті мөлшері көрсетілген.

Жаңартылатын энергия көздері секторына инвестиция тарту мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі аукцион бағаларының қолданыстағы индексациясына өзгерістер енгізді. Ол ұлттық валюта айырбас бағамының конвертацияланатын валюталарға өзгеруін 70 процентке, ал тұтыну бағалары индексін – 30 процентке ескеретін болады.

Бұл өзгерістер жаңартылатын энергия көздері секторының инвестициялық тартымдылығын көтереді, сондай-ақ инвесторларға шетелдік валютададағы неғұрлым арзан несиелік қаржыны тартуға мүмкідік береді деп күтілуде.

Шетелдік валютадағы несиелік міндеттемелері бар жобалар үшін аукционддық бағалар жылына бір рет 1-қазанда, инфляцияны және ұлттық валютаның айырбас бағамының конвертацияланатын валюталарға өзгерісін есекере отырып, келесі формула бойынша индексацияланады:

Тt+1 – көрсетілген формула бойынша, азаю жағына қарай, толық тиынға дейін есептелген индексацияланған аукциондық баға;

Tt – бұрынырақ жүзеге асырылған индесацияны есепке алғандағы аукциондық баға, егер ондай индексация жүзеге асырылса;

ИПЦt – мемлекеттік статистика саласындағы өкілетті органның мәліметтері бойынша жылдың 1-қазанына дейінгі 12 айда қордаланған тұтыну бағаларының анықталған индексі;

USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша белгіленетін теңгенің АҚШ долларына шаққандағы жылдың 1-қазанындағы индексацияны өткізу кезіндегі ағымдағы бағам;

USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша белгіленетін, индексация датасының алдындағы 12 ай мерзіміне есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз