Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі бағасы 340 теңге болды. Ал 1 шілдеден бастап 360 теңгеге, 2019 жылдың 1 қаңтарында 380 теңгеге дейін көтеріледі.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Мамыр айында қазақстандықтар үшін темекінің орташа бағасы 373 теңге болды. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,8 пайыз жоғары. Елдегі қалалар мен мегаполистердің ішінде ең қымбат темекі Жезқазғанда (сәуір айының қорытындысы бойынша 393 теңге) тіркелді. 2017 жылдың осы мерзіміне қарағанда 8,3 пайыз көп. Ақтауда (390 теңге, жылына +9,9 пайыз) және Көкшетауда (385 теңге, +10 пайыз) да темекі қымбаттады.
Қазақстанда осы жылдың төрт айындағы нәтижеге сәйкес 4 млрд темекі өнімдері шығарылды. Өткен жылдың осындай кезеңінде 4,2 млрд болатын (-5,5 пайыз).