Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда Сенат депутаттарын сайлау қорытындысы жәрияланды

Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан барлығы 16 депутат сайланды.

“Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының сайлау бойынша дауыстарды санаудың қорытынды хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті деп хабарлайды.

Сайлау науқаны барысында барлығы 89 үміткер ұсынылды. 38 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Сайлауға 3242 таңдаушы қатысты. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау барысында 518 халықаралық және отандық байқаушы, 244 қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілі қатысты”, – делінген қорытындыда.

Айта кетейік, сайланған депуттардың 7-н мәслихаттар ұсынса, 9-ы өзін-өзі ұсынғандар.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың орташа жасы – 56,7 жас.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандар:

Ақмола облысынан – Әділбеков Дәурен Зекенұлы;

Ақтөбе облысынан – Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;

Алматы облысынан – Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;

Атырау облысынан – Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;

Батыс Қазақстан облысынан – Төреғалиев Нариман;

Жамбыл облысынан – Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы;

Қарағанды облысынан – Әбдікеров Рысқали;

Қостанай облысынан – Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы;

Қызылорда облысынан – Бақтиярұлы Мұрат;

Маңғыстау облысынан – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;

Оңтүстік Қазақстан облысынан – Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы;

Павлодар облысынан – Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;

Солтүстік Қазақстан облысынан – Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;

Шығыс Қазақстан облысынан – Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;

Астана қаласынан – Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;

Алматы қаласынан – Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз