Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы медресе-колледждерде білім алып жатқан шәкірттердің бірыңғай киім үлгісін дайындауды тапсырды.
Мұндай тапсырманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Діни білім және кадр дайындау бөлімінің басшысы Бақтыбай Бейсенбаевқа жүктеді.
“Киім үлгісі көзге тартымды, сапалы болсын”, – деп атап өтті Бас мүфти.
“Шәкірттеріміз тек діни біліммен ғана шектеліп қалмасын. Оларды зайырлы пәндер бойынша өтетін сайыстар мен байқауларға көбірек қатыстыру керек”, – деді ҚМДБ төрағасы.
Айта кетсек, бүгінде еліміздегі 9 медреседе 1234 шәкірт тәлім алуда. 2016 жылы 221 адам медресені тәмамдады. Бас мүфти бастамасымен санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасалды. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек, қазіргі заман талабына сай қоғамдық пәндер қосылды. Жаңа қабылданған Жарғы бойынша медреселер “медресе-колледж” деп аталады. 2016 жылы Сарыағаш, Шымкент, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медреселер колледж мәртебесіне көтерілді.