Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

3500
Дереккөзі: disk-c-games.ru

Алаяқтар жәбірленушіні таңдарда көптеген жарнамаларды зерттейді, деп хабарлайды Sputnik. Сатып алушы секілді кейіп танытып, олар жарнама авторларымен хат алмасып, сатып алуға келіседі. Ақша аудару үшін алаяқтар сілтемені жібереді.

«Бір қарағанда, сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ басқан кезде пайдаланушыны фишингтік сайтқа жібереді. Бұл сайтта бос орындарға банк картасын, CVV-кодын, ЖСН-ді   толтыру ұсынылады. Алайда,  деректемелерін толтырғаннан кейін банк картасындағы бар ақшаны шешіп алады», — дейді полиция өкілдері.

Осыдан бірнеше секундтан кейін сайт бұғатталып, ол туралы ақпараттар жойылады екен.

Нұр-Сұлтандық полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және тек тексерілген интернет-ресурстарға сенуге, ресми интернет-сайттардағы немесе call-орталықтар арқылы жаңа қызметтердің дұрыстығын тексеруге шақырады. Банк карталарының деректемелерін және CVV-кодты бөгде адамдарға беруге болмайды. Мұндай жағдайларда сіз дереу банкке қоңырау шалып, банк операциялары мен карталарын бұғаттап, полицияға хабарлауыңыз керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз