Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Қазақстанда гуманитарлық дәрілік көмек қалай үлестіріледі

269
Сурет: kursiv.kz/Офелия Жакаева

Гуманитарлық көмекті мақсатты пайдалану туралы мәселе әлеуметтік желілерде жарияланған түрлі наразы посттардан кейін пайда болды. Атап айтқанда, гуманитарлық көмек тегін таратылмайды және дәріханалар желісі арқылы сатылады деген болжамдар пайда болды. Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай дистрибьюторы және ТЖ режимі кезінде гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі бірыңғай оператор болған «СК Фармация» бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Барлық келіп түсетін көмек КВИ-мен күрес бойынша жұмысқа тартылған медициналық ұйымдарға одан әрі бөлу үшін денсаулық сақтау басқармалары арасында үлестрілді», — делінген компанияның ресми хабарламасында.

Бізде барлығы жазылған

Компания редакциямызға гуманитарлық көмек қозғалысы туралы құжаттар мен есептерін көрсетті. Оларға сәйкес «СК Фармация» сәуір айында қоймаға алғашқы көмек түскеннен кейін-ақ, жан-жаққа жөнелте бастағанын көруге болады.

Барлық өңірлер бойынша біркелкі бөлінген. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелер, негізінен жұқпалы аурулар ауруханалары алған.

Компания басшылығы ерекше атап өтті:

«Сақтау қоймалары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Қабылдау кезінде медициналық ұйымдар алынған тауарды қатаң тексереді, жүкқұжаттарымен салыстырады. Жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды».

Құжаттармен осы сілтеме арқылы танысуға болады 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз