Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақстанда еркек жезөкшелер көбейіп кетіпті

2044

Жеңіл жүрісті жігіттер” деген сөз тіркесі жоқ. Жезөкше еркектер арасында “жеңгетайлық”, “зинақор жігіттер ұясы” деген де жоқ. Себебі, еркектердің көбі дербес, жалғыз “жұмыс істейді”.

Алматыда еркектер жезөкшелігі қаншалықты кеңінен таралған кәсіп екенін жақында анықтап көрген едік. Ақшаға сатылатын еркектер туралы ақпараттық сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, бәсекелестік қызып тұр. Онда жүктелген суреттерде

көбінің бет-жүзі емес, бұл мамандықтағы ең маңыздысы — дене, жыныс мүшелерінің бейнесі. Сондықтан болар “жұмыс құралының” өлшемі, ұзындығы нақты көрсетілген.

Кәрім есімді суреті сайтта тұрған жігіт 24 жаста екен. Орал өңірінің тумасы. Қарапайым отбасынан шыққан, үш баланың үлкені. Политехникалық университетте оқиды. Жалғыз анасына ауыртпалық салмас үшін үлкен қалада өз күнін өзі көруге мәжбүр. Бірде түнде курстастарымен түнгі клубта отырғанда бір жігітпен танысқанын айтады. Әңгімелесе келе, ол үлкен тәтелерді “ләззәтқа батыратынын” айтып, қаласаң арнайы сайтқа тіркейін, көп ақша табасың деп ұсыныс жасапты. Ол кезде бас тартса да, бір қажеті болар деп телефон нөмірін алып қалған.

– Бірнеше күннен соң сайтқа тіркеліп, содан қоңыраулар түсе бастады, – дейді ол.

Жезөкшелікке осылайша келген оның бүгінгі табысы — сағатына 15 мың теңгені құрайды.

Ернұр есімді жігіт 25 жаста. Ол да бұл кәсіпке кездейсоқ келгенін айтады. Банк бөлімшесінде жұмысы бар, бірақ жалақысы аз. Әлі үйленбеген жігіт өзі қыз іздеп жүрмейсің, өздері хабарласады, және ол үшін өздері ақша төлейді, дейді.

Хабарласқан қыз-келіншектер үшін жыныс мүшесінің көлемі маңызды екен. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдер хабарласатын көрінеді. Көбі еріккен, жалғызбасты, бай әйелдер, олар тән тазалығына, ақыл-ой тереңдігіне жіті мән береді, шыныққан, мығым денеге қызығады. Сондықтан тапқан табысының көбі өзін күтімдеуге кететінін айтады.

Ернұр элиталық фитнес орталығында спортпен шұғылданады. Себебі, оны сыртқы келбеті табысының негізгі құралы болып табылады. Жалпы орташа табысы айына 1000 долларға дейін барады.

Ақша не істетпейді?! Еркектер жезөкшелігінде жаға ұстататын нәрсе – жезөкшелікпен айналысатын жігіттердің көпшілігі қызмет көрсеткенде әйел, еркек деп таңдамайтын сыңайлы. Яғни, сайт, газеттердегі жарнамалардың тең жартысынан астамы екі жыныстыларға да қызмет көрсете береді және олар өзіміздің қазақ жігіттері. Әсте, хабарласатындардың арасында отбасылық жұптар, “көгілдірлер де бар. Олар жақсы төлейтін көрінеді.

Серік деген есіммен тіркелген жігітіміз еркектермен жыныстық қатынасқа түскенде ешқандай ләззәт алмаймын, мәселе төленетін қомақты қаржыда дейді. Ол қыз-келіншектермен қатар, еркектерге де қызмет көрсетеді.

Мен дені дұрыс еркекпін. Еркекпен жақын қатынас болады деп ешқашан ойлаған емеспін, бірақ әзірге осылай істеуге мәжбүрмін, – дейді. Жасы 28-ге тақаған ол үйленуге ақша жинап жүргенін айтады.

Жезөкше жігіттердің көбі жалға алған пәтерлерде, “клиентінің” үйінде, қонақ үй, сауналарда қызмет көрсетеді. Олар табысының көлемі жағынан жеңіл жүрісті қыздардан қалыспайды екен.

Мәселе неде дейсіз бе?

Біздің қоғам тез арада, жеңіл табылатын ақшаға үйірленіп алды. Елге сүйеніш, тірек болар ер-азаматтарымыз қалтасы қалыңдардың ермегі болып жүр.

Намыссыз, ақша десе жанын беретін еркектерге болашақты қалай сеніп табыстауға болады?

Бәлкім, бұл ұрпағымызды «жаныңды бақсаң болды» деп тәрбиелеудің сіңісті болып кетуінде болар. Ендеше азайып бара жатқан адами құндылықтарды қайтеміз?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз