Қарашада республика бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 756 теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,4% жоғары, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
«Абсолюттік мәнде ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді – 60 561 теңге. Одан кейін Астана – 53 560 теңге, Алматы қаласы – 53 167 теңге. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында – 44 625 теңге», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасындам.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс мәні. Мұндағы сома тұрмысқа қажетті өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығының құнына тең.