Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қазақстанда болашаққа сене алмайсың” – Канадаға кеткен қыз бәрін айтты

6971

ZTB.kz сайтына берген сұхбатында бәрін жайып салыпты:

Дана Қарағандыдан. Бала кезінен үй-ішіне тым жақын болған, бұлайша алысқа кетермін деп еш ойламапты.

«Оқумен түрлі елдерде болдым. Бірақ Торонто маған ерекше ұнады. Сол себепті студенттік жылдарымды осында өткізуді шештім».

Дана Канадаға 2013 жылы, мектеп бітіре сала кеткен. Қазір ол Bachelor of Hospitality Business Management деген жердегі George Brown College мекемесінде білім алуда.

«Мамандығым “Отель және ресторан бизнесі“. Оқуым 5 жылдық, оқу құны Қазақстандағы ең қымбат университеттен шамамен 2,5 есеге қымбат. Бірақ Канаданың өзінде бұдан да қымбат оқу орындары бар. Мұнда колледж бен университеттің мәртебелері бірдей, тек колледжде тәжірибе көбірек, университеттерде — теория көбірек келеді».

"Мына нәрсені ескеріңдер…". Кореяға кеткен қазақ жігіті көзімен көргенін айтты

Канаданың ерекшелігі

«Мұндағы адамдар кез-келген жерде тамақ жей береді: көшеде, метрода, тіпті сабақ үстінде. Профессорлардың өздері лекция үстінде чипсі шайнап отыра береді. Мен үшін бұл біртүрлі болды. Дәл жаныңда біреу ас шайнап отырғанда сабаққа зейін қоя алмаймын.

Жақсы жері – мұндағы халық әрқашан көңілді, күлімсіреп жүреді. Ашулы адамды кездестіру қиын. Канадалықтар кешірім сұрағыштығымен танымал. Мысалы, біреуді байқамай қағып кетсең, сенен бұрын ол кешірім сұрайды: кешіріңізші, жолыңызға тұрып алыппын байқаусыздадегендей…».

Қазақстанға Канаданың саясаты мен экономикасына жету қайда?

«Канадалықтар өз болашағына еш алаңдамайды. Ал Қазақстанда ертең не болатынын білмейсің:

тағы бір девальвация бола ма, кризис бола ма, деп шошып жүресің.

Қазақстан әлі жас мемлекет қой, дегенмен Канадаға жету үшін әлі тым алыс бізге. Туған елім де Канада сияқты дамитын шығар деген үміттен басқа не дейін?».

Дананың пікірінше,

біздің халық тұрақтылық іздеу үшін Қазақстаннан кетіп жатыр.

«Көптеген отандастарымыз ертеңгі күніне алаңдамай, жайлы өмір сүру үшін дамыған елдерге көшуде. Бірақ көшіп кеткен енді біреулер өзге елде қу жанын әрең бағып жүр. Енді біреулер шетелден тәжірибе жинап келіп, Қазақстанға қайта оралып жатыр».

Түркіменстан – капут болды! Неге?

Дана Қазақстанға қашан қайтады?

«Алдымен осы жерде оқуымды бітіріп, мейманхана бизнесі саласында тәжірибе жинағым келеді. Арғы болашағымды болжағым келмейді. Қазақстан туған жерім ғой, одан қалай бас тартамын? Отанымды сүйемін, туған-туыстарыма келіп тұрамын, тіпті ұшақ Қазақстанға қона салысымен өзімді өзгеше сезінемін. Канадада жүргенде кейде өзімді “бөтен” сезінемін, бірақ Канада онсыз да иммигранттар елі емес пе, мұнда бәрі мен сияқты бөтендер».

Қазақтың қайыршы жігіті маған жігіт болмайды…

Канада Дананы қалай өзгертті?

«Бөтен елде студент болу – өзіңе мықты болуды үйретеді. Қазақстанда әке-шешеме көбірек иек артып, өмірді онша түсінбеппін. Ал бөтен елде ересек өмірге күрт кірістім, өзім де көп өзгердім: түсінігім, мінезім, жүріс-тұрыс, тәртібім өзгерді».

Дана қазір бір қонақ үйде жұмыс істейді. Әдемі қызды көрген еркек кіндіктілер оның қайдан келгенін сұрап, маза бермейді екен.

«Мендей ұзын бойлы, түрі келісті азиат қызды көргенде қызығып кетеді. Мен өйткені қытай/жапон/корей қыздарына ұқсамаймын, әрі орысша еркін сөйлеймін. Қай елден келгенімді білмей дал болады. Қазақстан десем, білмейді ешкім ондай елді. Әлемде территориясы бойынша 9-шы орындағы мемлекетті білмейді.

"4 сағат жатамыз…". Корей жастары қалай махаббат құрады?

Канадада өткізген өмірімде канадалықтардың шамамен 10% ғана Қазақстанды, біздің жылқы етін жейтінімізді білетінін айтты. Көбі Қазақстанды «Борат» фильмінің арқасындатаниды.

Ол фильмді мен де көрдім, сондай күлкілі, Қазақстанды мазақтаған түгі жоқ. Ондай кезде тіпті өзімнің Қазақстаннан екенімді мақтан тұтамын.

Меніңше, ол фильм Қазақстанның атын әлемге танытты, жаман пиар да — пиар емес пе? Өйткені Борат жайында жақ ашқандардың барлығы да киноның ойдан шығарылғанын, бәрі өтірік екенін бес саусағындай біледі».

Әңгімелескен журналист: Алтын Нығманова

Куба туралы адам сенгісіз 27 шындық

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз