Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“4 сағат жатамыз…”. Корей жастары қалай махаббат құрады?

21191

Кореяда 3-3 немесе 5-5 деген форматтағы топтық танысу жиі ұйымдастырылады. Танысудың мұндай түрі 17-20 жас арасындағы студенттер арасында көп. Кореядағы университеттерде осындай таныстық ұйымдастырылатын арнайы демалыс бөлмелері болады.

Әдетте олар барда кездеседі, алкогольдік ішімдік ішумен байланысты ойындар ойнайды. Бірін-бірі ұнатқандар телефон нөмірлерімен алмасып, келесі жолы екеуара кездеседі.

Түрге де талап қойылады

Әдетте, Кореяда жігіттің бойы қыздан төмен келетін жұптар кездеспейді. Стандарттары мынадай: қыз бала өз жігітінен толық болмауы керек, жігіттің бойы қызынан биік болуы тиіс. Ия, олар адамның түрі, бет-әлпетіне баса мән береді. Шағын елде тым көп адам шоғырланған, жұрт бір-бірін тым жақыннан көретіндіктен олар бәріне мән береді: кім қалай киінген, фигурасы қандай дегендей…

Түскі астың ақшасын кім төлейді?

Оларда қыз бен жігіт отырған үстелінің ақшасын теңдей төлейді. Бірақ алғашқы кездесуде жігіт сәл көбірек төлеуі тиіс екен. Шотты төлемеген жігіт туралы қыздар бірден «мынау сараң екен» деп қабылдайды.

Қанша күн жұп болып жүрміз?

Кореядағы халық күн санағыш. Өз жұбымен көңіл жарастырған күннен бастап күн санайды. 100 күн, 200 күн, 1 жыл, 2 жыл деп мерейтойларын атап өткіш. Бір-біріне сыйлақ жасайды. Бір мерейтоды ұмытып қалсаңыз, жұбыңыз міндетті түрде өкпелейді.

Бірдей зат ұстайды

Оның себебі белгісіз. Жұптар шынымен де бірдей зат алады, киім болсын, телефонның қабы болсын. Біз бірдейміз, екеуміз жұппыз дегенді жұртқа осылай білдіруге тырысады.

Қалай кездеседі?

Қыз бен жігіт бір-бірінің үйінде кездеседі. Бірақ Кореяда баспана деген тым қымбат, сондықтан жастардың бәрі әке-шешесімен бірге тұрады. Әрі олар өз жұбын тек үйленетіндері анық шешілгеннен кейін ғана әке-шешесімен таныстырады.

Сол себепті жұптар кафе мен ресторандарда бірге отырады. Ал жыныстық қатынас үшін мотельден 4 сағатқа, немесе таңға дейін бөлме жалдайды. Ондай жағдайда әке-шешесіне достарымның үйінде түнеймін деп кетеді. Сол себепті, Кореяда осындай мотельдер өте көп.

7 жастан кейін қыздар мен ұлдар бірге отырмайды

Әйел мен еркек жеті жастан бастап қатар отырмауы керек деп Конфуцийдің өзі жазып кеткен. Чосон династиясы билеген тұста Корея Конфуций ілімін ұстанған. Басты ереже – әйел мен еркекті жақындастырмау. Содан болар, әке-шешесі ұл-қызының ғашығы бар екенін білсе де, балалары ғашығымен кездесуге баратынын айтпайды.

Достар мен құрбылар

Екі жас жұп құрғаннан кейін жігіт басқа қыздармен, қыз – басқа ұлдармен араласпайды. Өйткені Корея халқы қарама-қарсы жыныстылар арасында жай достық болуы мүмкін емес деп санайды.

Әскер

Кореяның жігіттері әскерге барады. Құрлықтағы әскерде борышын 21 ай, теңіз-әскери күштерінде 24 ай өткереді. Жігіті әскерде жүрген қыздар резіңке аяқ киім киеді. Бұл оның жігітің әскерден күтіп жүргенін білдіреді екен. Ол аяқ киім көп жүруге қолайсыз, сондықтан ол қыздар көп қыдырмайды көшеде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз