Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстанда бес тойдың төртеуі несиеге жасалады

189

Solva микроқаржылық компаниясы қазақстандықтардың несиелік қарыздары тақырыбына зерттеу жүргізді. Зерттеуге 18 жастан 65 жасқа дейінгі 7 мыңнан астам респондент ретінде қатысты. Қарыз алушының жасына байланысты несие мақсаты да әртүрлі болып шықты.

2019 жылы Қазақстанның кредиттік жүйесіне бұрын кредит алмаған 580 мың жаңа қарыз алушы енді. Олар барлығы 176 млрд теңгеден астам сомаға ие болды. Жаңа қарыз алушылар орта есеппен 303 мың теңге несие алады. Жалпы 9 млн қазақстандықтың несие тарихы бар.

Жастар — гаджет, ересектер — көлік

Несие алатындардың ең көп үлесі 25-тен 45 жасқа дейінгі адамдарға келді (67,82%). 18-25 жас аралығындағы қарыз алушылар аздау (28,74%) болды. 45-тен 65 жасқа дейінгі адамдардың санаты, әдетте, несие алмауды қалайды. Сондықтан олардың үлесі тек 3,45% болды.

Әдетте,

жастар өздерінің алғашқы несиелерін заманауи гаджеттер сатып алуға алады

Бұл құрылғылар бір жағынан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қарым-қатынас жасау үшін қажет, ал екінші жағынан жастар ортасында назар аударатын өзіндік әлеуметтік индикатор болып табылады.

Сатып алынатын техниканың ішінде смартфондар (73%), оның ішінде өнімділігі жоғары брендтердің өнімдері басым. Сондай-ақ, жастар құлаққаптардың жаңа модельдерін (18%) және планшеттерді (7%) сатып алады. Квадрокоптер мен электроскутерлерді (2%) де несиеге алатындар бар.

Орта жастағы қарыз алушылар несиені тұрғын үй (22%), автомобиль (27%), тұрмыстық техника (47%) және саяхат (4%) үшін алады

Несиеге той — үздіксіз процесс

Сонымен қатар, қазақстандықтардың басым бөлігі, шамамен 76%-ы той жасау үшін және тіпті жерлеу рәсімдерін өткізу үшін несие алған. Білімге несие алатындар да көп. Бұл ретте, әдетте, студенттердің ата-аналары несие рәсімдейді.

Бұл тізімдегі үйлену тойы ерекше орынға ие — несиесіз өмір сүруді қалайтындар да кейде той үшін кредит алады. Жас жұбайлар мен олардың ата-аналары “ел-жұрт сияқты той жасау керек” деген түсінікте.

Қазақстанда үйлену тойларының 80%-ға жуығы несие қаражатымен жасалған

Жас ұлғайған сайын несие алуға ұмтылыс айтарлықтай бәсендейді, көбі тек қажет затқа ғана несие алады. Мысалы, 45 жастан асқан адамдар несиеге мына заттарды алады:

  • тұрмыстық техника (47%),
  • емделуге (16%),
  • балалардың біліміне (37%).
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз