Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда Ауғанстан жастарына бөлінетін білім гранты қысқарады

Сенатордың айтуынша, бұл білім алғысы келетін ауған жастарының санына еш әсер етпеуі тиіс, себебі олар Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Жапония, Еуропада білім ала алады.

«Бүгінгі конференцияда өзбекстандық әріптестеріміз өз елдерінде ауған жастарын оқытып жатқанын айтты. Жапония да білім беру жобаларында Ауғанстанға үлкен көмек беріп отыр. Еуропалық одақ білім беру грантының алғашқы кезеңіне 2 млн еуро бөлуге дайын. Яғни бұл жұмыс жалғаса береді», – деді Дариға Назарбаева.

Сонымен бірге, Д. Назарбаева Ауғанстан жастарына бөлінетін білім гранттарының 50 процентін қыздарға бөлуді ұсынды.

«Бүгінгі шараны әйелдерге арнап отырғанымыз тегін емес. Әйел өмірге бала әкеледі және оған ең алғашқы тәрбие беріп, мінезі мен менталитетін қалыптастырады. Сондықтан, әйел білімді болуы керек. Білімді әйел баласына өз махаббатын, жылуы мен мейірімін берумен бірге, дұрыс дүниетанымын қалыптастырады. Ерлердің әйелдерге деген қарым-қатынасы дұрыс қалыптасады. Яғни, барлығы отбасынан басталады», – деді сенатор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз