«Қазгидромет» РМК мамандары 30 мамыр-1 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Ал еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды.
Жалпы, республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.
Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді.