Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанда 6 әкім ұсталды

Осы жылдың басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Бұл жайында өңірде  жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық қылмысы тақырыбында өткен жиында айтылды.

“Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Оның ішінде 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған үшеуі қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды”, — деді ұлттық бюроның облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов.

Атап айтқанда, Қазалы ауданы Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданы Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімдері жер телімін беру үшін пара алса, Арал ауданының Жақсықылыш кенті мен Жаңақорған ауданының Шалқия мен Төменарық елді мекендерінің әкімдері жалған құжат жасаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз