Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда 2018 жылдан бастап жетімдер үйі болмайды

Онда балалар үйінің тәрбиеленушілері болмайды. Балалар тек белгілі бір уақытқа, олардың құжаттары рәсімделіп біткенше, асырап алушылар құжаттарын реттеп жатқанға дейін қалады”

, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов балалар үйлерін трансформациялауға арналған жиында.

“Орталықтар арқылы бала асырап алуға құлықты ата-аналармен псиxологиялық дайындық сабақтары, сонымен қатар жетім балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Бізде баланы қайтадан балалар үйіне тапсыру оқиғалары жиі кездеседі. Бұның барлығы псиxологиялық дайындықтың жоқтығынан”, – деп атап өтті ол.

Комитет мәліметтері бойынша, баланы қайта тапсыру оқиғаларының үлесі 16 пайызды құрайды. Жалпы балалар үйлеріндегі жеткіншектер саны жыл сайын 1 мыңға азайып келеді. Жаңа отбасын тауып жатқан балалардың саны артуда. Былтыр Астана мен Алматы қалаларында сынақ ретінде ашылған Отбасын қолдау орталықтары өз нәтижесін бере бастаған.

“Қазір енді осы орталықтарды өзге де балалар үйлерінде ашуды көздеп отырмыз. Біз оның заңнамалық жағын реттеу бойынша жұмысты бастадық. Келесі жылдан бастап бұл тәжірибені республика бойынша енгіземіз. Осындай орталықтар ашылса, Қазақстанда жетімдер үйі болмайды”, – деді Ерсайынов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз