Банк саласы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер болады.
Тұмауға қарсы екпе басталады. Қазақстанда 1 қазаннан екпе егу науқаны басталады. Бір миллиард теңгеден астам қаржыға бір жарым миллион доза вакцина сатып алынған.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин биыл тұмаудың екі жаңа түрі – “Сингапур” мен “Колорадоның” қосылатынын ескертті. Маманның айтуынша, “А” типі өте қауіпті, өйткені оған қарсы тұратын иммунитет жоқ.
Бизнесмендер бұл норманы орындамаса, оларға айыппұл салынады. Жаңа ережені бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішті (36 075 теңге) құрайды.
Теңгемен ашылған депозиттер тиімді болмақ.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жинақ және жедел салымдары бойынша жаңа шекті сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Теңгемен депозит ашқысы келетін азаматтар үшін жаңа салымдар бойынша шарттар 1 қазаннан өзгереді.
Дереккөз: sputniknews.kz