Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Қазақстан жауынгерлік өнері қауымдастығы ауыл спорт залдарын жабдықтауды жалғастыруда

1146

Қазақстан жауынгерлік өнері қауымдастығы 14 жастан 17 жасқа дейінгі жасөпірімдер арасында жауынгерлік өнерді танымалдандыру мақсатында гранттық қаржы ұсынған болатын. Оны Бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясы ұтып алды. Осының арқасында “Sagadat Batyr – Qazaqstan Top Team” клубын спорттық инвентарьмен жабдықтауға мүмкіндік ашылды.

Жаңа бозкілемде клуб тәрбиеленушілері бас бапкер Диас Қанайбековпен алғашқы жаттығуды өткізіп те үлгерді.

Жиналғандар алдында Алматы облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Айдос Ысқақовов, Алматы облысы мәслихатының депутаты, “Sagadat Batyr – QTT” клубының бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров, Алматы облыстық спортты дамыту дирекциясының директорының орынбасары Әділет Мырзағалиев, AIGA грэпплинг федерациясының вице-президенттері Андрей Неклюдов пен Олжас Досжанов, Ащыбұлақ ауылдық аймағының әкімінің орынбасары Кенжегүл Бурхиналар сөз сөйледі.

М.Түймебаев ауылындағы залға жауапты бапкер Диас Қанайбеков демеушілер мен қолдау көрсеткен қонақтарға зор алғысын білдірді. Ол және Нұрсұлтан Орынбасаров клуб атынан барлығына алғыс хаттар мен жейделер табыс етті.

Нұрсұлтан Орынбасаров “Sagadat Batyr – QTT” Qazaqstan Top Team джиу-джитсу және грэпплинг академиясының филиалы екендігін айтты. Бұл филиалда қазірдің өзінде төрт зал бар. Олар Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жұмыс жасап тұр. Мұнда 800-ге жуық балалар мен ересекетер дайындалады.

“Мен федерацияға ауыл спортына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіремін. Бұл жыл «Балалар жылы» болып бекітілді. Енді біз мемлекет тарапынан қолдау көріп отырмыз. Ауылдық спортты, оның ішінде бабалар спортына көңіл бөлу өте маңызды. Бұл бағытта біз өз әріптестерімізбен үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Бізде “Жанұя” арнайы кешенінің балалары тегін жаттығады. Біздің жігіттер балалар арасында көптеген турнирлер ұйымдастырады. Түрлі қайырымдылық іс-шараларға атсалысады. Біздің клубта 50-ден аса халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Араларында әлем чемпиондары да бар екенін баса айтамын. Біз олармен мақтанамыз және ары қарай да жұмысты дамыта түсеміз”, – деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Бас бапкер сондай-ақ Sagadat Batyr – QTT президенті Ерболат Тұрымбетовке, AIGA президенті Төлеген Құмаровқа, Алматы облысының спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевқа алғысын білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз