Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қазақстан” телерадио кешені мен түркиялық “ТRT” меморандумға қол қойды

Екіжақты құжатқа «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин және Түркия Радио Теледидар корпорациясының Бас директоры Ибрахим Эрэн қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты радио және телевизизия саласында бірлесіп жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу. Меморандум бұқаралық ақпарат құралдарының басым бағыттары бойынша жұмысты нығайтуға және шығармашылық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Жалпы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен ТРТ корпорациясының арасындағы қарым-қатынас бірнеше жылдар бойы тұрақты түрде дамып келеді. Бұл меморандум медиа саладағы екіжақты жұмысты одан әрі жетілдіріп, жаңа серпін беруге септігін тигізеді.

Түркияның басты хабар таратушысы – ТРТ корпорациясы 1964 жылдың 1 мамырында құрылған болатын. Бүгінгі күнде ТРТ корпорациясының құрамына «ТРТ HD», «ТРТ Хабар», «ТРТ Çocuk», «ТРТ-Аваз» және т.б. 10-нан астам түрлі халықаралық, республикалық, аймақтық телеарналар мен радиолар кіреді.

Екі медиақұрылым өз елдерінің ең негізгі ірі хабар таратушысы екенін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастық туралы бұл меморандум корпорациялардың жұмысын жаңа деңгейге шығарып, алға қойылған міндеттерді екі жаққа да тиімді етіп жүзеге асыруға ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз