2017 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан 96,3 мың тонна алкогольді және өзге сусындарды экспорттап, нәтижесінде 36,9 млн доллар пайда көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2016 жылмен салыстырғанда тасымалдау көрсеткіші 9,4 пайыз қысқарды.
Түрікменстан отандық сусындарды – 106,3 мың долларға, Өзбекстан – 96,9 мың доллар, Италия – 25,6 мың доллар, Ұлыбритания – 78 мың доллар, Грузия – 67,5 мың долларға сатып алды.
Сондай-ақ, Украинаға жөнелтілген сусыннан – 591,4 мың доллар, Әзербайжанға жіберілгеннен – 226,5 мың доллар және АҚШ-қа жіберілгеннен – 185,5 мың доллар көлемінде пайда көрді.