Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан полициясы Өзбекстанда мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан азаматын ұстады

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан Республикасының азаматын іздеу және ұстау бойынша операцияны сәтті аяқтады. Ол 10 жылға жуық бойы сот әділдігінен жалтарып жүрген», – деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, қазақстандық полицияға қылмыскердің жасырынған жері туралы ақпарат өзбек әріптестерінен келіп түскен.

«Екі мемлекет полициясының осындай тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде ол Өзбекстан Республикасының Ташкент аумағында ұсталды. Енді әділ жазасын алады», – деді ресми өкіл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз