Нұр-Сұлтан
Қазір
29
Ертең
12
USD
467
0.00
EUR
488
0.00
RUB
8.56
0.00

Қазақстан полицейлері арнайы тапсырмамен Мәскеуге аттанғалы жатыр

https://kaz.365info.kz/allany-k-zi-t-zu-eken-resejde-ldy-a-t-sip-al-an-aza-yzy-z-aya-ymen-elge-ashyp-keldi-245977

Құлдықта болған бір әйел қашып шығып, Ресейдің құлдыққа қарсы “Альтернатива” қозғалысының мүшелерінің көмегімен елге оралғаны белгілі.

Қазіргі уақытта Мәскеу тергеу органдары Гольянова ауданы аумағындағы сауда нүктесінде әйелді еңбекке жегу және заңсыз ұстауға байланысты процессуалды тексеру жүргізіп жатыр.

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі, өз кезегінде, республикада құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттеседі. Мәскеу сауда нүктелерінде Қазақстан азаматтарына қатысты зорлық көрсету деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 2-бөлімі, “Адамның бас бостандығынан заңсыз айыру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

https://kaz.365info.kz/m-skeude-l-bol-an-aza-yz-zhigitteri-bizdi-ayausyz-ryp-so-ty-k-ni-t-ni-zh-mys-a-zhekti-video-247814

“ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, РФ Бас прокуратурасының атына халықаралық тергеу тапсырмасы әзірленді, оның аясында қажетті процессуалдық әрекеттерге қатысу үшін полиция қызметкерлерінің Мәскеуге баруы жоспарланып отыр. Ресейлік тарап тапсырманы орындағаннан кейін Ресей Федерациясының құзырлы органдарына әрі қарай тергеу үшін қылмыстық істі жіберу туралы мәселе қарастырылатын болады”, — деп хабарлады Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі өкілінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Ресей Федерациясы адам құқықтары жөніндегі уәкілі аппаратының қызметкерлері Мәскеу бойынша РФ ІІМ шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына барған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан азаматтары болмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз