Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстан қалалары цифрлық ХКО-ларға көшеді

1276

Өткен жылы «Электрондық үкімет» порталы 34 миллионнан астам қызмет көрсетті.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы миллионға жуық лицензия мен рұқсат құжаты берілді. Ал 2012 жылдан бері е-gov порталы арқылы шамамен 135 мың компания ашылған. Бүгінде бір реттік құпия кілт сөзбен алуға болатын 44 қызмет бар. Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы барлық мемлекеттік қызметтердің 83 пайыздан астамын көрсетеді.

Биыл еліміздің барлық облыс орталығында халыққа қызмет көрсету цифрлық орталығы ашылады.

Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Оралда, жыл соңына дейін Атырауда арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Еліміздің ең ірі қалалары Астана, Алматы және Шымкентте цифрлық ХҚО жұмысын бастады. Ал жылдың соңына дейін мұндай орталық еліміздің барлық облыс орталықтарында болады.

Аталған орталықта орнатылған компьютерлер арқылы азаматтар барлық қызметті ала алады.

«Ішкі істер министрлігімен Астанада онлайн режиміндегі көші-қон ХҚО аштық. Жылдың соңына дейін көші-қон легі жоғары Алматы мен Атырауда да ХҚО ашу жоспарланған. Бұған дейін шетелдіктер мемлекеттік қызметтерді 3-4, тіпті одан да көп күннің ішінде алатын болса, ендігі уақытта бір жерден бірнеше сағаттың ішінде қажетті барлық анықтаманы ала алады», – деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, Қазақстанда «Зерде» холдингі жанынан цифрландыру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды.

Қаңтар айында «Электрондық еңбек биржасы» жобасы іске қосылды. Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік секторды еңбекпен қамту жөніндегі жеке агенттіктермен ықпалдастырған әрі азаматтардың жұмысқа орналасу процесін ашық және жедел жасаған бірінші жоба болды.

«Электронды еңбек биржасы» қазірдің өзінде шамамен 70 мың адамның жұмысқа орналасуына септігін тигізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз