Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан ипотекалық компаниясы қор биржасына 5,4 млрд теңгенің құнды қағазын орналастырды

Сондай-ақ Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ипотекалық облигациялар шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қорландыру қызметін 2017 жылы қайта бастады және 2017-2018 жылдары мемлекеттік емес институционалдық инвесторлар арасында жалпы сомасы 25,8 млрд теңге меншікті облигацияларын орналастырды. Нәтижесінде компания «Tengri Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Экспресс Финанс» ИҰ» АҚ, «Азия Кредит Банк» АҚ сияқты ұйымдардан ипотекалық қоржындар сатып алды және «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан ипотекалық кепілмен қамтамасыз етілген қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.

Жалпы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 16 серіктес банкпен ынтымақтастық етеді. 2001-2018 жылдар кезеңінде ЕДБ және ипотекалық ұйымдардың ипотекалық қоржындарын сатып алу үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ 217,4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады.

Банк секторында мемлекеттік бағдарламалардың негізгі қаржылық операторларының бірі ретінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның осындай қолдау құралдарына деген тұрақты сұраныс сақталып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз