Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қазақстан чемпионатын менсінбей көр енді” – белоруссиялық сайт

«Өткенде ғана Беларус чемпионатында ұлттық құрама мүшелері көп деп мақтанып едік. Мұнымыз бекер, негізі. Біздің футболшыларымыздың өзге чемпионаттарға қажетсіз болғаны қуантарлық жайт емес. Сыртта ойнайтын футболшыларымыз саусақпен санарлықтай ғана.

Қазір тіпті Қазақстан чемпионатының біз үшін өзі қол жетпес деңгейге айналып кетті, ал Ресей премьер-лигасы тіпті топ-деңгейге айналған.

Белорус футболын тұрақты түрде шетелде танытып жүргендер мына ойыншылар. Соларға жанкүйер болайық!
https://kaz.365info.kz/sensatsiya-khajrat-gollandiyalykh-az-alkmardy-ytyp-ketti-video-325403

Иван Маевский, “Астана”, 30 жаста

Белоруссияда түйелер жоқ, егер болғанда, олар Маевскийге ұқсас болар еді салмақты және күлімсіреген жүзді. Жалпы, қазір Иван жүрген Қазақстанда түйе – өте сыйлы жануар, содан болар белоруссиялық легионердің де абыройы жоғары. Ол Астанамен бірге чемпиондақ атақтар жинап, еврокубоктарда тартысқа түсуде. Өзінің ұлттық құрамасын алға сүйреп келеді.

Александр Володько, “Шахтер” Қарағанды, 32 жаста

Қазақстанда белорустар тым сирек кездеседі. Бұрындары қайдағы бір Қазақстан деп ол елдің чемпионатын онша менсінбеуші едік. Биылғы маусымда жолы болмаған Қарағандыда біздің Володько ойнап жүр. Жасы келіп қалған бұл ойыншының бірақ енді ұлттық құрамаға көмектесуі екіталай шығар.
https://kaz.365info.kz/irandagy-maskhara-futbolga-kelgen-35-ajel-fifa-prezidentinin-kozinshe-khamauga-alyndy-305067

Сергей Политевич, “Қайрат”, 28 жаста

Шұбар сарышұнақтар сары далада жүргенді қалайды. Сергей Политевич де түріктің таулы қыратынан гөрі қазақтың жалпақ даласын таңдады. Түрік чемпионатында оның “Генчлербирлиги” оңбай құласа да, қорғаушының ондағы жағдай жақсы еді. Бірақ ол қазақ чемпионатын таңдады. Әйтсе де Сергей ұлттық құрама үшін әлі де аса маңызды ойыншы»,— деп жазыпты әлгі сайт.
https://kaz.365info.kz/tyrigim-zhakhsy-29-zhastagy-mesut-ozil-germaniya-khyramasynan-ketip-khaldy-324796

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз