Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан азаматтығын ауғандарға 10 мың доллардан сатқан шенді сотталды

Үкім оқылып жатқанда Нұрдәулет Төлегенұлы үнсіз болды, туыстары жылап тұрды. Сотталушы журналистердің өзін фото және видеоға түсіруге рұқсат етпеді.

Нұрдәулет Төлегенұлы соңғы сөзінде тағылған айыпты мойындайтынын, қатты өкінетінін, заң аясында мүмкіндігінше жазасын қысқартуды сұраған.

Прокурор “сотталушының Қазақстан заңнамаларына қайшы екенін біле тұра азаматтығы жоқ бір отбасының төрт адамына азаматтық алып беруге уәде етіп, қызметін пайдалана отырып аса ірі көлемде алаяқтық жолмен ақша талап етіп, 40 мың доллар сұрағанын” айтқан.

Маусымның 25-і күні сот отырысы басталған уақытта 43 жастағы Нұрдәулет Төлегенұлы тағылған айыппен ішінара келісетінін айтқан.

Нұрдәулет Төлегенұлы сәуірдің 10-ы күні “Ауғанстанның төрт азаматына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін пара алу кезінде” ұсталғаны xабарланған. Күдіктіні облыстық ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің жедел тергеу тобы бірігіп ұстаған. Сот бір айдай бұрын – маусымның 25-інде басталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз