Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақша емес, арабша екен! Шымкентте «Саиль» сөзі дау туғызуда

212

Шымкенттік тарихшы Өмірбек Шыныбекұлы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында:

“Саиль Кашкар-ата” дегенді ұйымдастырушылардың бірі атауын “Қошқар-ата сейілі” деп өзгерт дегенім үшін мені “көре алмайсың” деді. Қазір де ұйымдастырушылар мен оған рұқсат бергендер желіні аңдып отырған шығар. Іштар атансам атанайын. Бірақ мынау атау өзгеруі тиіс. Өз ақшаңа не өткізсең, өз еркің. Бірақ салық төлеушінің ақшасын шашу жарамайды. Арабқа еліктеп жатқандар аз еді, сарттардың өмірінде қазаққа үлгі болар ештеңе жоқ,

деп жазады.

Ұмыт қалған мейрамды жандандырған азаматтардың айтары бөлек. Бұл мейрамның атауы өзгерсе, мағынасы да мүлдем өзгереді, дейді мейрамды қайта жаңғыртуға атсалысқан өлкетанушы Кеңес Исмаилов.

«Саиль» сөзі арабшадан аударғанда «Алладан тілеуші» дегенді білдіреді. Ал қазақшалап «Сейіл» десек, серуендеу болып кетеді. Халықты адастырмайық.

Сөзіміздің жартысы арабтан аударылған. Тарихи деректерге сүйенсек, 911-жылғы халық санағы бойынша қаламызда 14 мың адам өмір сүрген. Оның небәрі 150 ғана қазақтар болған. Қаладағы шенеуніктер, молдалар мен саудагерлер. Қыстан аман шыққан халқымыздың басым бөлігі таудан, қыстаудан Қошқар-ата өзеніне қоныстанатын болған. Қала халқымен көріскен. Ең ірі қошқарды құрбандыққа шалып, Алладан мал-жанның аман-саулығын тілеген екен. Бірнеше күн той тойлап, жәрмеңке өткізген. Бұл тек оңтүстік өңіріне тән мейрам. Жүз жылдан кейін мейрамды қайта жаңғыртуға бес жыл өмірім кетті. Енді келіп тырнақ астынан кір іздеушілер табылуда. Қалай атағылары келсе, атай берсін. Бұл көреалмаушылықтың нағыз өзі. Өте ұят нәрсе,

деген жауап алдық одан.

Билік өкілдері мерекенің атауына қатысты даудан хабарсыз болып шықты. Шымкент қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұловтың айтуынша, мерекенің атауы тарихи деректерге сүйеніп алынған. Сондықтан мейрамның атауына қатысты дауға әлі нүкте қойылған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз