Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
4
USD
481
+1.23
EUR
535
+2.90
RUB
5.28
+0.01

Қазақ жігіті дзюдодан әлем чемпионы атанды

Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түсті. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жасар Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогін ұтқан. Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанған. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, кадеттер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы жеңісін барша жанкүйерге арнайтынын айтты.

«Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын. Менің жеңісім Конституция күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан, ерекше қуаныштымын. Енді бұл биікпен тоқтап қалмай, алға басамын», – деді жас спортшы.

Айта кетелік, Санжар Ерұланұлы Перу астанасы Лимада өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды. Финалда ол украиналық спортшыны иппон ұпайымен, мерзімінен бұрын жеңді. Енді Санжар бастаған спортшылар Алматыда өтетін Азия кубогінде бақ сынайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз