Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
6
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Қатыгез салауатты өмір салты: лимонадты зияндылығы бойынша ішімдікпен теңестіруде

287

Құрамында қант бар алкогольсіз сусындарды өндірушілер Үкіметті бизнесті қатайту тұрғысынан жақында қабылданған Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезінде “дұрыс” және “бұрыс” жақтарын жақсылап таразылауға шақырды.

2021 жылдан бастап мемлекет құрамында қант бар барлық салқындатқыш сусындарға 2025 қарай мөлшерін 45%-ға дейін ұлғайта отырып, 7 пайыздық акциз салуға ниетті. Барлығы Ұлт денсаулығы үшін. Ешқандай “колаларға” құмар болып кетпеу үшін. Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы емес ауруларға — обырға, семіздікке, қант диабетіне қарсы күрестегі саясаты осындай.

Күмәнді зерттеулер

365info  салауатты өмір салты үшін күрес тұрғысынан “зиянды” және “пайдалы” өнімдерді тұтыну төңірегіндегі ғылыми зерттеулердің егжей-тегжейлі есептерін көрсете отырып, бұл тақырыпты көтерген болатын.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тұжырымдаманы әзірлей отырып, Дүниежүзілік банктің әлдебір зерттеуіне тоқталды. Лимонадтар мен шырын өндірушілері бұл құжатты зерттеп, оны бір жақты жазылған деп атады, оның жалғыз мақсаты — кемсітпелі салық сызбасын енгізу. Енді ше,

лимонадты зияндылығы бойынша ішімдік пен темекіге теңестіруде. Әлемдік тәжірибеде мұндай бастамалар денсаулық үшін тиімсіз екендігін жылдам көрсетті және бизнесті құлдыратты

“Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының” жетекшісі Әлия Мамытбаева алкогольсіз сусындарға арналған акциздерге қарсы дәлел ретінде денсаулық тұрғысынан ойға қонымды сөз айтты. 2017 жылы Монтевидеода ДДСҰ жұқпалы емес аурулардың алдын-алу жөніндегі директоры, доктор Дуглас Бетчер өз баяндамасында сусындарға салық салу жұқпалы емес аурулармен күресудің 16 тиімді шараларының қатарына кірмейтінін атап өтті.

Әлия Мамытбаева

Ал жұмысы Қазақстандағы лимонадтарды “демонизациялау” үшін ілмек болған Дүниежүзілік банк зерттеудің ең басында былай деп жазады:

“Осы жұмыста қамтылған тұжырымдар, түсіндірмелер мен қорытындылар Дүниежүзілік банктің немесе олар өкілдік ететін ел үкіметтерінің Атқарушы директорлар кеңесінің ұстанымын көрсетпеуі мүмкін.

Дүниежүзілік банк осы жұмыста қамтылған деректердің дәлдігіне кепілдік бермейді

Яғни, бәрі нақты емес, өте салыстырмалы айтылған, бүкіл саланы құрдымға кетіруден экономикаға болашақта зиян келуі мүмкін. Бірақ СӨС үшін күресушілер райынан қайтар емес.

Көршілес Ресейде, Шырын, су және сусын өндірушілер одағының президенті Максим Новиковтың айтуынша, тамақ өндірушілер бірнеше жыл бұрын мемлекеттің акциздерден босатуына қол жеткізді.

Максим Новиков, фото retail-life.ru сайтынан

Ресейлік бизнес жеңді

– Екі жыл бұрын Ресейде де осындай пікірталас болды, — деді Новиков лимонад акциздеріне арналған конференцияда. — Сондай-ақ, “көп”, “аз”, “тым тәтті” және тағы басқалар туралы түрлі дәлелдер келтірілді. Мен салалық одақ басшысы ретінде мынаны айтқым келеді: біз “көп” дегеннің қандай екенін түсінбейміз, нақты сандарды түсінеміз.

2020 жылы Ресейде салауатты өмір салтының Ұлттық стратегиясы пайда болды, онда нақты жазылған:

кез келген осындай бастамалардың ғылыми негіздемесі болуы және бизнес бірлестіктерін тарта отырып, ведомствоаралық жұмыс тобының талқылауына шығарылуы тиіс,

егер оған қатысты осындай шаралар енгізу жоспарланып отырса. Талқылау барысында олар бүкіл тамақ өнеркәсібінің өнімдерін зиянды және пайдалы, көп немесе аз деп бөлудің нақты шекаралары болуы керек деген ұстанымды нақты ұстанды.

Кез-келген өнімнің зияндылығы мен пайдалылығы оны тұтыну көлемімен анықталады. Іс жүзінде кез-келген нәрсенің, тіпті ауыз суды тұтынудың да шегі бар, одан ассаң, белгілі себептермен жер бетіндегі тіршілігің тоқтауы мүмкін. Асыра тұтыну Ресей туралы емес, мысалы. Ресейде жылына бір адам орта есеппен 36 литр алкогольсіз сусын ішеді, ал Мексикада — 380 литр ішеді!

Саланың қайғылы болашағы

Әлия Мамытбаеваның айтуынша, Қазақстанда 2012-2019 жылдар аралығында салқындатылған тәтті сусындардың орташа жылдық тұтынылуы 36,7-49,2 литрді құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл әлемдік көрсеткіштен 41,2%-ға төмен.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың рационында лимонадтар мен кока-кола арқылы тұтынылатын қанттың үлесі 2-3%-ды құрайды

Бірақ біз қанттың жартысынан көбін шай ішкенде және түрлі мерекелер кезінде таза күйінде жейді екенбіз. Бірақ неге екені белгісіз, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қантқа мүлде тыйым салуды ұсынбайды.

Өндірушілер қандай да бір өнімді зиянды деп “демонизациялау” арқылы акциз енгізу бюджетке қосымша ақы алудың ең оңай жолы екенін айтады. Тек бір олқылығы – Қазақстандағы барлық лимонад өндірушілердің 95%-ы – шағын бизнес. Оларға акцизсіз де сол Ресейден келетін импорттаушылармен бәсекелесу қиын.

Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының болжамдары бойынша,

30%-дан астам салық енгізілетін болса, өндірістің 40%-дан астамы қысқарады

Акциздердің көмегімен ұлтты сауықтырудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізілетіні де өте күмәнді.

“Аман-Саулық” қоғамдық қорының президенті, дәрігер Бақыт Түменова қазақстандықтарды өлім-жітімге душар еткізетін инфекциялық емес аурулар лимонадтардан емес екенін айтады.

Бақыт Түменова, фото businessfm.kz сайтынан

Денсаулықты бұзатын қиындықтар кешені

– Ол адамның өмір салтына байланысты, — дейді сарапшы. – 50-52% денсаулық адамның не жейтініне байланысты. Бұл өте маңызды тақырып, өйткені

70 жасқа дейінгі өлімнің 84-85%-ы инфекциялық емес аурулар болып табылады. Ал әлемде бұл көрсеткіш 70-75%-дан жоғары емес

Денсаулық сақтау министрлігі пандемияға байланысты жұқпалы емес аурулармен айналысып жатқан болуы мүмкін. Соңғы жылы ковидтен көптеген адамдар қайтыс болды, оларда созылмалы аурулар болған. Бұл жүрек-тамыр және өкпе жүйелерінің зақымдануы, қант диабеті, обыр, семіздік. Бұл аурулардың себебі неде? Теңгерімсіз тамақтану, жеткіліксіз дене қимылы, алкогольді асыра пайдалану, темекі шегу, нашақорлық. Бірақ лимонад емес.

Мен Денсаулық сақтау министрлігінің алкогольсіз қантты сусындарға акциздер енгізу арқылы алдын алу жұмыстарына қатаң шаралар енгізуге қатысты әрекеттерін түсінбедім. Және зияндылар санатына қосуы да.

Себебі медицина мамандары, басқаларды былай қойғанда, күрделі аурулардың пайда болу қаупінің барлық факторлары туралы білуі керек

Түменованың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі өзінен бастауы керек еді. Теңгерімді тамақтануды қалыптастыру және зиянды әдеттер мен салауатты өмір салты арасында дұрыс таңдау жасау бойынша халықпен сауатты ақпараттық жұмыстар ұйымдастыруы қажет. Бірақ бұл жұмыс сәтсіз аяқталған.

Сыртқы жауды іздеу

– Бұған қарапайым дәрігерлер кінәлі емес. Олар қағаз жүзіндегі есептермен бас көтере алмайды, – дейді “Аман-саулық” басшысы. – Науқастарды қабылдауға бар-жоғы 15 минут уақыт берілген. Осы уақыт ішінде науқас пен оның өмір салты туралы білу мүмкін емес. Қазір көпшілік халықтың вакцинациядан бас тартуы олардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімсіздігін көрсетеді.

Неліктен Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салты үшін күресте нысана ретінде қантты таңдады? Қант диабетінің себебі көбінесе генетикалық бейімділік болып табылады емес пе. Сондықтан, “қант диабеті” диагнозын қояр кезде адамға қойылатын бірінші сұрақ – Сіздің отбасыңызда осындай диагнозы бар жақын туыстарыңыз бар ма?

Меніңше, Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні сырттан жау іздеп отырған сияқты. Және ол сергітетін алкогольсіз сусындар

Алайда, семіздіктің өсуі тек қант тұтынудың салдары деу қате. Транс майлар мен тұзды шамадан тыс тұтыну да семіздікке әкеледі.

Бақыт Түменованың мәліметінше, Қазақстанда орташа есеппен бір адам тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады. Халықаралық зерттеулердің нәтижелері осындай. Норма 4 есе артық. Артық салмақ ұн өнімдерін артық мөлшерде пайдалану нәтижесінде пайда болады.

Кедейлік – дұрыс тамақтанбау

— Біздің бауырсақ, нан, май, печеньемен қант қосылған ұзақ шай ішу дәстүріміз — тұтынылатын тағамның барлық ассортиментінің ішінде 55%-дан астам қант бар, – дейді сарапшы. – Еліміздегі кедейшілік мәселесіне де назар аударғым келеді. Пандемия кезінде ол одан да күшейе түсті. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгені құрайды. Бұл көп пе, аз ба? Менің ойымша, бұл санның өзі-ақ айтып тұрған тәрізді. Егер транс майларды шамадан тыс тұтыну туралы айтатын болсақ,

табысы аз орташа статистикалық көп балалы отбасын әр бауырсақ пісірген сайын майды ауыстырып отыруға мәжбүрлеп көріңіз

Ондай жоқ және болмайды да. Трансмайлар және зиянды тамақ осы. Оған бірінші кезекте назар аудару керек.

Біз халықтың түрлі топтары арасында зерттеу жүргіздік. Колледж студенттерінің 9%-ы және университеттің 8%-ы тек фаст-фудпен қоректенеді.

Барлық студенттердің 10%-ға жуығы күніне тамаққа 500 теңге ғана жұмсай алады. Мұндай сомаға теңгерімді тамақтану мүмкін емес

Сондықтан тыйым салулар және акциздер енгізу халықта салауатты әдет қалыптастыруға ешқандай көмек бермейді. Болмаса, қазір қазақстандықтар ең көп тұтынатын ұн бағасын көтеруге тура келеді. Шараларды күшейтудің соңы қоғамда араздыұ туғызуы мүмкін. Акциздер енгізу және оларды біртіндеп өсіру сөзсіз құрамында қант бар өнімдер бағасының өсуіне әкеледі.

Халықты ішімдікке ден қойғызу ма?

Максим Новиков өз сөзінде Ресейдің алкогольсіз сусындарға қойған акциздеріне қатысты тәжірибесіне тоқталды.

– Тіпті тек акциздермен шектелмей, құрамында қанты бар алкогольсіз сусындарға толығымен тыйым салса да, денсаулық сақтау министрлігі қалағандай нәтиже болмайды, — деді Новиков. – Өйткені Ресейде, мысалы, қант тұтыну бір адамға жылына 40 кг деңгейінде. Бұл ретте

алкогольсіз сусындарға тек 1,5% үлес келеді. ДДҰ 40 кг-нан екі есе аз тұтынуды ұсынады. Рационнан алып тастаған күннің өзінде мақсатқа 3-4% да қол жеткізілмейді

Оның айтуынша, кейбір ресейлік өндірушілер СӨС-тің жаһандық беталысына сүйене отырып, тәттіалмастырғышы бар немесе тіпті қантсыз сусындардың барлық түрлерін шығара бастаған. Бірақ тұтынушы оған үйренуі керек. Кез-келген өндіруші үшін сату – бұл өмір.

— “Экономика жоғары мектебі” Ұлттық зерттеу университеті жүргізген есептеулер екі қызықты тұжырымды көрсетеді, — деді Новиков. – Біріншісі – алкогольсіз сусындарға акциздік реттеуді енгізген кезде бюджет үшін экономикалық тиімділік айқаспалы икемділікке байланысты жағымсыз. Сату көлемінің төмендеуіне байланысты бүкіл сала үшін тұтыну кері кетеді.

Сусындар индустриясындағы бір жұмыс орны біздің жеткізушілерімізде бір-бірімен байланысты жеті жұмыс орнын қамтиды. Бұл шикізат пен қаптама, логистика және сауда

Екінші қызықты әсері осындай шаралар енгізілген елдер бойынша деректердің метанализі негізінде байқалды. Құрамында қант бар сусындарды тұтынудың төмендеуі және нарықта құрамында алкоголь бар бағасы ұқсас сусындардың болуынан халық алкогольге ауысады. Осылайша, алкогольсіз сусындарға арналған акциз халықтың алкогольді тұтынуының артуына әкелуі мүмкін. Осыдан келіп сұрақ туындайды – СӨС үшін күресудің мәні неде?

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз