Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қатты кеткенім рас…”. Мұхтар Шаханов кешірім сұрады

320

Наразы топ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атына өтініш хат ала келіпті. Бұл құжатқа 560 адам қол қойған.

Талабы екеу: Жамбыл атамызға ауыр жала жапқан М. Шахановтың мәселесі қаралып, оны Жазушылар Одағы мүшесінен шығару. Бұл бір! Екіншісі: Мұхтар Шахановты Жазушылар Одағы сотқа берсін деп, табандап тұр.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/mynysy-nesi-zhambyl-zhabaevtyn-yrpakhtary-shahanovkha-shara-kholdansyn-degen-talap-khoyuda-310167

«Мұхтар Шаханов ағамыздың өте бір жаңсақ, жаман сөздеріне сол үшін, біз Алаштың ұрпақтары боп, ауызбіршілікті сақтайық деп, ол кісінің қате айтқанын дәлелдейік деп, осы жерге кеп отырмыз».

Жамбыл ғана емес, қазақтың ірі-ірі тұлғаларының пендешілігін әшкере етем деп, басы дауға қалған ақын журналистерге шығып, бұрынғы ойынан қайтқанын, қызбалыққа сап, қатты кетіп қалғанын мойындап, әруақтар алдында кешірім сұрап отыр.

«Менің мынадай бір ұстанымым бар. Кім шындығын жоғалтып алса, ақты ақ деп айтудан қалса, яғни сөзі басқа, ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса, пенделігі өзіне ғана емес, еліне зияны тисе, ондай ақынның да, ғалымның да мазмұны далбаса. Сондықтан шындықты айтқаным үшін, әруақтардың барлығынан кешірім сұраймын» – деді ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов.

Жазушылар одағының басшылығы наразы топтың өтініш-талабын арнайы талқылап, бір аптаның ішінде нақты бір шешімге келетіндерін айтты.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/yyatkha-khaldykh-shahanovty-efirge-shygargan-telearna-direktory-kopten-keshirim-syrady-309529

Наразы топ «Қазақтың зиялы қауымы осылай аруақты қорлап, бөлініп алып, дауласып жатса, күні ертең қазақ деген ұлтта не тамтық қалады?! Ұлт боламыз десек, кейінгі ұрпақ ата-бабасына топырақ шашпауы керек, керісінше олардың мұрасын насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа паш етіп отыруымыз керек» дегенді айтып тарқасты.

Ақын Шаханов Мұқағали Мақатаевты Жұқағали Бұқатаев деп, Мағжанның өліміне Мұхтар Әуезовтің де кінәсі бар деп келтірген жырларын жариялаған еді. Ал, Жамбыл Жабаев Сталиннің туфлиін жалаған дейді, бір өлеңдерінде.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/khajdagy-konildes-shahanovkha-zhasalgan-shabuyldyn-artynda-kim-tyr-308979

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз