Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қателік – бізден!”. ҚР Бас прокуратурасы RENZO тобының әншісінен кешірім сұрады

331

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың тапсырмасымен ШҚО прокуратурасының қыземткерлері Жанболаттың тапталған құқығын дер кезінде қалыпқа келтірмегені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Өскемен ішкі істер департаментінің тергеушісіне қатысты салақтық фактісі бойынша тергеу қозғалды. Біз мұндай жайттардың алдын алуға барымызды саламыз, бұл істе сырттай адамдар көмектесіп жатса, алғысымыз шексіз болар еді„ деп жазды ведомствадағылар.

Еске сала кетелік, “RENZO” поп-тобының әншісі Жанболат Ертаев түнгі клубта шу шығарып, төбелескен деп айыпталған. Бұл туралы әншінің өзі сотталмағандығы туралы ЦОН-нан қағаз алуға барғанда біліп, аң-таң болған. Қозғалған іс бойынша әнші Өскемендегі түнгі клубтың бірінде біреуді сабаған. Сұрақ-жауап хаттамасында тіркелген ол туралы мәліметтердің барлығы әншіге қатысты туп-тура тіркелген.

Бірақ аты-жөнін дұрыс айтқан әнші тегінен шатасыпты. Ал түскен суретте Жанболат емес, оның Семейдегі кластасы болып шықты.

Бала кездегі досы полицияға түскенде ол болып мәлімет берген, бірақ ішкі істер органындағылар оны тексермеген немесе солай болғанын қалаған. Осылайша Жанболат Ертаевтың „Бұзақылық„ бабы бойынша жауапқа тартылғанына 1 жыл болыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз