Ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның нәтижесі допингке байланысты күшін жойды, деп жазады Stan.kz.
«Халықаралық олимпиада комитеті жаңа әдістемені пайдалана отырып, 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарына қатысты қайта сынақ өткізіп, ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның допингке қарсы ережелерді бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, ол екі бірдей күміс медалін жеңіп алған Бейжіңдегі 2008 жылғы ойындарындағы көрсетілімі күмән тудырды. Сайып келгенде, оның нәтижелері жойылды», – делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.
Сол жылғы олимпиадада қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова үш рет секіруден төртінші орын алған болатын.
Допинг үлгілерін қайта қарап шыққаннан кейін үшінші орынды иеленген грециялық спортшы Хрисопии Девецидің нәтижесі жойылып, қола медаль қазақстандық спортшыға берілді.