Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Ер адамның денесі 11-шілдеде таңғы уақытта “Қарағанды-Сортировочная” станциясының маңынан табылған. Кейінірек мәйіттің 1-шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамға тиесілі екені анықталды.
“Шамамен сағат 09.00-де Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан өткелдің аумағында адам мәйітінің ағашқа ілініп тұрғаны жайлы хабарлама келіп түсті”, – делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.