Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды.
Ұлттық гвардияның “Орталық” аймақтық қолбасшылық баспасөз қызметінің мәліметінше, Темірбек Жұмабеков Абай қаласында әскери бөлімде қызмет еткен және жоғалғанға дейін қызметінен босатылған.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Біз оның жоғалғаны туралы білмейміз. Алайда ол бізде жұмыс істемейді. Бұрындары ол Абай қаласында кинолог болып қызмет еткен. Бірақ оны жоғалғанға дейін қызметінен босатқан. Біз ол туралы басқа мәліметтерді білмейміз”, – деді ведомстводағылар.
Еске салайық, 22 жастағы Темірлан Жұмабеков 16 ақпанда Қарағанды облысының Абай қаласындағы дәмханадардың біріне барып, артынша жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде оны іздестіру туралы мәліметтер белсенді түрде тарап жатыр. Темірланды еріктілер мен полицейлер де іздестіріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, олар достарының қайда баруы мүмкін деген жерлердің барлығын қарап жатыр.