Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағандыда үш жастағы баласын өлтірді деген күдікпен өгей әкесі ұсталды

Қыз серуендеуге шығып кеткен, үйге келген кезде дәліз бен үлкен бөлмеден қан көрген. Алдынан қолына қимылсыз жатқан Матвейді ұстаған өгей әкесі шыққан.

Қыз пәтерден қашып шығып, көшедегі адамдардан көмек сұраған. Оқиға орнына келген полиция күдіктіні ұстады.

“Полицияның шұғыл қимылының арқасында күдікті тұтқындалып, изоляторға қамалды. ҚР ҚК 99 бабы “Кәмелеттік жасқа толмаған баланы қасқана өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді ақпарат көзі.

Матвей балаларды дамыту орталығына барып жүрген.

“Матвейдің өлімі бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Ол біздің орталыққа екі айдай келіп жүрді, бірақ осы уақыт ішінде оны қатты жақсы көріп қалдық. Ол өте ақылды бала болатын. Ол толық үш жаста еді, наурыздың соңында төртке толар еді. Матвей өте белсенді, ширақ болатын. Таяқтың астында қалып, өлім құшатындай баланың не кінәсі бар еді? Ертең жаназасы болады, ұжым болып барамыз”, – деді орталықтың басшысы.

Бала 27 ақпанда жер қойнауына тапсырылады.

Марқұмның 13 жастағы әпкесі куәгер ретінде түсініктеме бермек. Қатты күйзеліске түскен қызбен психолог жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз