Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Қарағандыда 14 адамымен УАЗ көлігі өзенге түсіп кетті, мерт болғандар бар

Жол апаты кезінде көлікте 14 адам отырған. Олардың ішінде кәмелетке толмаған үш бала бар. 11 адам көліктен өз бетінше шыға алған. Ал қалған үш адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Кейінірек сүңгуірлер екі адамның мәйітін тапқан. Олардың кім екені әзірге белгісіз. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл деректі растады. Ресми мәліметтерге қарағанда, сол өзендегі су деңгейі 10-15 сантиметрге дейін жеткен.

“Бұл жолмен жүруге тыйым салынған. Ауылда басқа айналып өтетін жол бар. Көлік неліктен сол жабық жолмен жүргені белгісіз. Судың деңгейі 10-15 сантиметрден аспайды. Сондықтан да мұны ірі жол апаты деп айта алмаймыз. Бізден төтенше жағдай болған жерге 6 адам барды. Онда екі адамның мәйіті табылды. Үшінші адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың кім екені әзірше анықталмады”, – деді облыстық ТЖД өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, көліктен шыға алмағандардың қатарында 1961 жылғы жүргізуші мен оның 1994 жылғы ұлы және тағы бір жасөспірім бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз