Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қарағанды полициясы құрамы 71 жас офицермен толықты

111

71 жас офицердің 12-сі нәзік жанды арулар екені көңіл қуантады. Олардың барлығы да Қарағанды облысының ішкі істер органдарындағы тергеу, анықтау және жедел криминалистикалық бөліністерінің қатарын толықтырады.

«Аталған тәжірибе жинау сіздердің кәсіби шеберліктеріңізді шыңдау, биік парасаттылық пен азаматтық белсенділіктеріңізді арттыру үшін маңызды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарының түлектерін қазақстандықтардың құқықтық-заңдылық қажеттіліктерін қорғау үшін, конституциялық және мүліктік еркіндіктерін қорғау үшін тәрбиелейді. Күнделікті қызметте сіздер барлық оқыған білімдеріңіз бен түйген өнегелеріңізді, академия қабырғасында алған тәжірибелеріңізді жүзеге асырасыздар», – деп, Қарағанды облысының ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров атап өтті.

Сондай-ақ облыстық  ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев курсанттарға ақ жол тіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз