Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қарағанды облысында көшеде қалған әйел мүгедектер үйіне орналастырылады

Еске салайық, бұған дейін Абай қаласының орталығында жергілікті тұрғындар өз аяғымен жүре алмайтын әйелді тапты. Оның есімі – Светлана,бір жылдан бері қаңғыбастыққа салынған, ата-аналық құқығынан айырылған одан туған-туыстары бас тартқан.

 

https://kaz.365info.kz/baryndar-ary-almatyda-kop-balaly-otbasyn-pater-iesi-dalaga-khuyp-shykhty-313975

Бір кездері Светлана енесін өлтіргені үшін 15 жылға түрмеге қамалған. Медициналық тексеру кезінде әйелден жүректің ишемиялық ауруы анықталып, аяғының біраз жері үсіп кеткендігі белгілі болды. Абай қаласының әкімдігі мен полициясы әйелді көшеде қалдырмай оны Қарағанды қалалық тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығына жеткізді.

«Гастроэнтерология бөлімінде емдеу курсын қабылдағаннан кейін Светлана Ранованы 5 мамыр күні орталыққа қайта әкелді. Дәл қазір ол өзін жақсы сезінеді, жағдайы қалыпты. Күніне 3 рет тамақтанады, өз аяғымен жүреді», – дейді әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері.

Бейімдеу орталығындағылардың түсіндіруінше, тұрақты үйі жоқ адамдар орталықта бір жылға шейін қалуға рұқсат беріледі. Алайда сол мерзім ішінде ештеңе шешілмесе науқастың тұрақтау уақыты бірнеше айға ұзартылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз