Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге арналған мөлшерлеме 2%-ға дейін төмендетілді.

Жаңа мөлшерлеме 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл шешім бизнес үшін салықтық жүктемені жеңілдетіп, кәсіпкерлерге шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Үнемделген қаражатты кәсіп иелері өз қызметін кеңейту мен дамытуға бағыттай алады.

– Бұл шара Қарағанды қаласында тіркелген 43,7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерін қамтиды. Қабылданған шешім өңірімізде бизнес ашудың тартымдылығын арттырып, салықтық жүктемені едәуір төмендетеді, – деп атап өтті Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Дәуір Құрманғалиев.

Айта кетейік, Қарағанды облысы екі жыл бұрын елімізде алғаш болып бөлшек сауда салығының төмендетілген мөлшерлемесін енгізген еді. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеді: кәсіпкерлердің саны көбейді, ал ШОБ секторынан түсетін салықтық түсімдер ұлғайды. Кәсіпкерлікті қолдау өңірдің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз