Грузия үкіметі қара тізімге енген 600 мыңнан аса азаматтың банк алдындағы қарызын кешіру туралы шешім қабылдады.
“Банк, онлайн ұйым және өзге де қаржы институттарына қарыз 600 мыңнан аса азамат жайлы сөз қозғалып жатыр. Олардың жабуға шамасы келмеген несиесінің жалпы көлемі 1,5 миллиард лариді, яғни 565,3 миллион долларды құрайды. Бүгін үкімет қабылдаған шешімге сай бұл азаматтардың қарыздары кешіріледі”,- деді Бахтадзе бүгін арнайы баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл адамдардың ішінде, мәселен шамамен 150 мыңға жуығы әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұлғалар тобына жатады, ал тағы бір он мыңдаған адам мүмкіндігі шектеулі жандар екен.
“Қарыздарды кешіру 15 желтоқсаннан бастап осы айдың соңына дейін жалғасады. Халқымыз Жаңа жылды қарызсыз қарсы алады”,- деді премьер.