Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

«Қара қытай қаптап еді…» Жалаңашкөл шайқасы туралы не білеміз?

1315

https://kaz.365info.kz/olar-khaptap-zhyr-myrat-auezov-khytajga-khatysty-ylken-shyndykhty-ajtty-300868

1969 кеңес-қытай шекарасында КСРО-ның аумағына басып кірмекші болған қытай әскерилерімен бірнеше қарулы қақтығыстар орын алды, деп жазады Русская Семерка басылымы. Көктемде Даманск аралында осындай осындай шекаралық қақтығыстардың ең елеулісі орын алған.

Араға бірнеше ай салып, Жоңғар қақпасындағы арандатулар басталды. 1969 жылғы тамыздың басында «Рудниковая» және «Жалаңашкөл» заставаларындағы кеңес шекарашылары іргелес жатқан Қытай аумағындағы күдікті қарбаласты байқайды.

Шекара маңына Қытай әскерінің күшейтілген бөлімшелері топтастырыла бастады.

Шекара әскерлері округі басшылығының жағдайды анықтауға бағытталған әрекеттері нәтиже бермеді – қытайлықтар олардың әрекеттеріне ешқандай мән берген жоқ.

Амалы қалмаған кеңес шекарашылары шекара шептерін нығайтуға кірісті. Сол күні периметр бойынша қажетті инженерлік құрылымдар қазылып, қапталдағы шептер екі бронетранспортермен және ұтқыр топпен күшейтілді.

https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakh-sayasattanushylaryn-satyp-ala-bastapty-degen-khaueset-ras-pa-303068

Келесі күні таңда қытай әскерилерінің екі тобы «Жалаңашкөл» заставасының тұсынан Кеңестер Одағының шекарасын бұзды. Егер кеңес тарихында бұл қақтығыс көлдің атымен аталса, қытайлықтар оны қазақтың Жалаңашкөліне құятын Теректі өзенінің атымен атайды.

15 адамнан тұратын шекара бұзушылар тобы кеңес аумағына түрлі қашықтыққа кіріп, 1,5 сағаттан кейін, окоптар қаза бастады. Кеңес шекарашылары Қытай жағында тағы 100 диверсанттың осындай әрекеттерге дайындалып жатқанын көріп отырды.

Қытайлықтар бірінші болып оқ ата бастады

Кеңес шекарашыларына бірінші болып оқ атпау туралы бұйрық берілді. Алдымен қытайлықтарды өздерінің ана және орыс тілінде сабасына келтіру бойынша әрекеттер жасалып, оларға мегафонмен аман тұрғандарында ел аумағынан шығу ұсынылды. Бірақ олардан жауап болмады.

Араға уақып салып, «Теректі» шекара бекетінің маңыннан кеңес аумағына кірген оннан астам қытайлықтар алдында КСРО шекарасын бұзған қаруластары бекініп үлгерген Каменная жотасына қарай бет алды.

https://kaz.365info.kz/zhykti-khazakh-ajeli-khytaj-tyrmesinen-khazakhstanga-khashyp-keldi-298696

Олардың жолын кесуге жіберілген 2 БТР шекара бұзушы қытайлықтардың қозғалысын тоқтата алмады, керісінше, шекара бұзушылар қозғалысын жылдамдата түсті. Ал кеңес тарапынан екінші мәрте КСРО аумағын босату жөніндегі ескерту жасалғанда, қытайлықтар оқ бората бастады. Содан кейін кеңес шекарашылары да оқ атуды бастады.

Шекара қақтығысы шешуші кезеңге ұласты. 13-тамызда кеңес шекарашылары Каменная жотасына бекінген қытайлықтарға тойтарыс беріп, жотаны қайтаруға талпынды.

КСРО аумағында әрекет етуші шекара бұзушыларға тағы да ондаған қытайлық әскерилер қосылды

Атап айтарлығы, олардың қолында  қарапайым атыс қаруынан басқа танкке қарсы қолданылатын қару да бар еді.

Ал кеңес жағынан оларға бронетранспортерлармен күшейтілген екі шекара заставаларының жеке құрамдары төтеп берді. Кешке қарай жота қайтарылып, аман қалған шекара бұзушылар өздерінің аумағына қарай ығыстырылды.

Шекара қақтығысының нәтижелері

Ресми деректерге жүгінсек, Жалаңашкөл маңындағы қақтығыста екі кеңес әскериі қаза тауып, тағы 10 шекарашы түрлі жарақаттар алды. Ал қытайлықтардың 19 әскериі атыс барысында опат болды. Бұдан бөлек, тұтқынға алынған үш қытайлықтың екеуі жарақаттар салдарынан көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/massazh-zhasatady-baraholkadagy-khytaj-zhap-zhas-khazakh-khyzyn-yjine-kirgizip-algan-270310

Сол жылдың қыркүйегінде КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин өзінің қытайлық әрептесі Чжоу Эньлаймен келіссөздер жүргізіп, тараптар болашақта шекара маңында мұндай қарулы қақтығыстарға жол бермеу туралы мәмілеге келді.

Шынымен,

бұдан кейін кеңес-қытай шекарасында қытайлық шекарашылардың арандатушылық әрекеттері қайталанған емес.

Ал кеңес одағының 30 шекарашысы — Жалаңашкөл маңындағы әскери қақтығысқа қатысушылар орден және медальдармен марапатталды.

https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakhtyn-kej-onirlerin-oz-zheri-dej-me-ministrlik-tysinikteme-berdi-302322

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз