Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қандай тілдер жойылады?

317

Африканы алып қарайықшы. Бишуо тілінде – 1, бераку тілінде – 2, нлуу тілінде – 3, мабире тілінде – 3, балдему тілінде – 5, ндай тілінде – 5, нджереп тілінде – 6, мпре және масалат тілдерінде – 10-12 адам сөйлейді. Ол адамдар өлген сәтте, бұл тілдер де жойылады. Мына әлем тіпті ондай тілдің болғанын да ұмытып кетеді. Өйткені осы уақытқа дейін жойылған 2000-нан астам тілдің қайсысына қайғырып, аза тұтқан едік?! Сондықтан тіл жойылды дегенде, ұлт жойылды деу керек.

Қандай тілдер жойылады? Бірде-бір ғылыми еңбек жазылмаған, бірде-бір мемлекеттік заң қабылданбаған, сөйлеу аясы күйбең тірліктің деңгейінен көтерілмеген тілдер сөзсіз жойылады. Уақыт кеңістігіне байланысты жаңа сөздермен толықпаған кедей тілдер жоқ болады.

Сондықтан қазақ тілін ғылыми тілге айналдыру аса маңызды. Қазақ тіліне сапалы түрде кітаптарды аудару соның бастамасы.

Қазіргі “100 кітап жобасының” кітаптарына осы тұрғыдан риза болдым. Ендігі таңда мемлекеттік құжаттар мен заңдардың барлығы дерлік мемлекеттік тілде қабылдануы қажет. Сонда ғана қазақ тілінің рөлі арта түспек. Біздің тіл “мамонт тілдер” қатарынан табылмасына сенемін, алайда оның тек қана күйбең тірліктің тілі болып қалуын қаламаймын.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз