Көкшетауда 29 жастағы жеңгетай ұсталды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
1989 жылы туған көкшетаулық азамат өз құрбандарын жергілікті дәмханалардан іздеген. Басы бос қыздарды жалдамалы пәтеріне алдап апарып, қамап ұстапты. Осылайша интимдік қызметке мәжбүрлеп, өзгелерге саудалаған дейді полицейлер. Бірнеше ай бойы 22 мен 30 жас аралығындағы қыздарға ойына келгенін істеген жігіт, Көкшетаудың орталық көшелерінің бірінде қолға түсті. Қазіргі таңда осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.
“Қазір ол қамауда отыр. Оның үстінен 5 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам ұрлау, адам құқығын шектеу, бопсалау, жезөкшелікке мәжбүрлеу және жеңгетайлық жасап, жезөкшелікпен айналысатын орындар ұйымдастыру бойынша. Басқа да фактілер анықталуы мүмкін”, деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.