Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қали Сәрсенбай нағыз Рухани жаңғырудың қандай болу керектігін айтты (видео)

244

Байқаудың алғашқы кезеңі қыркүйек айында, яғни жаңа оқу жылы басталған уақытта өтеді. Қазір алматылық 1300-ден астам бала жыр жаттап, өз дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, жазушы Қали Сәрсенбай болса «Тұлпар мініп, ту алған» байқауын нағыз рухани жаңғыруға қажетті жоба екенін айтты.

«Бұл жобаның маңыздылығына, ерекшелігіне сөз жетпейді. Рухани дүниеңе шапқыншылық жүріп жатқан кезде мұндай шараларды қолға алу өте маңызды. Тәрбиенің барлығын болашақ ұрпақтың бүгінгі келбетін қалыптастырудан бастау керек. Рухани жаңғырудың нағыз көкесі осы», – дейді жазушы.

Оның айтуынша, мұндай байқаулардың ауқымын кеңейтіп, жыл сайын өткізіп отыру қажет.

«Қазір Алпамыс батыр жырынан бастап жатыр. Алдағы уақытта Қобыланды батыр бар, Ер Тарғын бар, жалпы көп қой қазақтың батырлары. Қазақтың тарихында 5 мыңнан астам ән-жыры болған. Бұл қандай халықта болады? Бұл өзінің тарихы бар, мәдениеті бар халықта болады. Кейбір халықтар болады, бірде-бір жыр-дастаны жоқ, эпосы жоқ. Қазақ халқының ерекшелігі осында, бұл шараның маңыздылығы өте зор. Сондықтан бұл жылдан жылға жалғасын таба беру керек», – дейді Қали Сәрсенбай.

Еске салайық, «Тұлпар мініп, ту алған» байқауында топ жарған үш оқушыға қаржылай сыйлық беріледі. Ал, оларды байқауға дайындаған мұғалімдері Англияның Оксфорд қаласына барып, бірнеше ай бойы ағылшын тілі курсынан өтуге мүмкіндік алады.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ КӨКЕСІ ОСЫ! Қали СӘРСЕНБАЙ – «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы, Президент сыйлығының лауреаты, жазушы@qazaq_epos @serik_seitman @maral_zhumageldi @dastur_media @aktotyzhumabek @_bk_29 #қазақ_эпос #жыр_жаттау #алматы_байқау#алпамыс_батыр_жыры#тұлпар_мініп_ту_алғанҚазақ Эпос

Gepostet von Bauyrzhan Myrzakul am Freitag, 3. August 2018

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз