Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Қалай жібере салған?”. Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерден Астана тұрғыны да жапа шеккен

Сапар Шәмшиев Денис Тенді өлтірді деп айыпталған күдіктілердің фотосын көргенде өз көзіне өзі сенбеген. Өйткені дәл осы азаматтардың бірі оның да машинасының айнасын ұрлапты.

“Бұл жерде үш шруп бар. Соларды шешіп алып тастап, әйнекті шешкен. Мына жерде сымдар шығады сол сымдарды кесіп, пакетке салып әкеткен”.

Оқиға шамамен екі апта бұрын, яғни, шілденің 11-і күні болған. 33 жастағы Сапар сол күні футбол көріп, үйге түн жарымда бірақ оралған. Сөйтіп, енді көзі іліне бергенде, машинасының дабылы іске қосылыпты. Дереу сыртқа шығып қараса, көлігінің айнасы жоқ.

“Полицейлер, айнамды ұрлаған ұрыны ұзатпай сол кезде бірден ұстап әкелді. Ол Арман Құдайбергенов деген жігіт екен. Мені көріп, бірден кешірім беруімді өтінді. Бірақ мен келіспедім. Өйткені, ол бұған дейін де ұрлық үшін істі болыпты. Сондықтан жазасын алсын дедім. Ол үшін Шәмшиев полицияға арыз жазыпты. Сол кезде шағымын қабылдаған тергеуші, алдағы 7-10 күннің ішінде сот отырысы болатынын айтып ескертіпті. Бірақ, болмаған. Өйткені, ұрыны полицейлер босатып жіберген”, дейді Сапар.

Сөйтіп, 24 жастағы Арман Құдайбергенов сот өтетін күні Алматыда жайбарақат жүрген. Тіпті, қасына сыбайласы Нұралы Қиясовты ертіп, Денис Теннің көлігінің айнасын ұрлаған, мұның арты қайғылы оқиғаға әкеп соққаны белгілі.

Қылмыс үстінде ұсталған Арман Құдайбергеновті астаналық полицейлердің қалай босатып жібергені белгісіз. Өйткені, жапа шеккен азамат оған кешірім бермеген. Сондықтан ол заң бойынша Астанада болуы тиіс еді

“Егер тәртіп сақшылары Құдайбергеновті босатпағанда, Денис Тен де аман қалар еді”, дейді Сапар.

Ал Ішкі істер министрлігі бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме беруге асығар емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз