Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қалай кіреді?”. Ақтауда жұмбақ жағдайда ауруханаға түскен сарбаздың әкесі шындықты білгісі келеді

111

Самат Нұрқожаұлының әкесінің айтуынша, бір апта бұрын ұлының оқу-жаттығу кезінде құлап, кеудесіне ине кіріп кеткенін естіген. Дәрігерлер оған алаңдайтын себеп жоқ екенін айтыпты. Алайда ұлы 3 күн жансақтау бөлімінен шықпағаннан кейін әкесі секемдене бастапты.

«2 инеге бола 8 сағат ота жасамайды ғой. Демек қанды ісік болып тұр ол жерде. Соны тазалап, шлангі шығарып қойып, жазылғанша мені алдап-сулап әрі-бері сандалтып жатыр», – дейді дейді жауынгер Самат Нұрқожаұлының әкесі Нұрқожа Мырзағұлов.

 

https://kaz.365info.kz/nagyz-kinaliler-zhazalansyn-denis-tennin-tuystary-yndeu-tastady-325390

Ал сарбаз борышын өтеп жатқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының өкілдері әлімжеттік жасалмағанын айтып отыр.

«Мен Саматпен сөйлестім. Қасыңда кім болды?» – деп сұрадым. Палаткада жалғыз болғанын айтты. Полигонда бәрі сабақта болды. Ол жалғыз болған.  Қасында ешкім болмағанын айтты. Қазір тергеу болып жатыр. Қалай не болғанын біткеннен кейін тергеушілер айта алады. Мен қазір қалай болғанын айта алмаймын», – дейді ҚР ҚК «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Серік Сейітбаев.

 

https://kaz.365info.kz/esiktegi-suga-batyp-ketken-ajeldin-kyjeui-okhiganyn-khalaj-bolganyn-ajtyp-berdi-325395

Қолбасшылар сарбаздың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтса да, дәрігерлер кеуденің жүрек жағынан кірген инені 7 күннен бері әлі ала алмай жатқан көрінеді.

Ал баласын көру үшін Ақтауға бармақ болған әкесіне дәрігерлер сарбазды Астанаға жіберетінін айтып, сол жаққа сілтепті.

«Не Ақтауға барарымды білмеймін, не осында күтерімді білмеймін. Қазіргі әңгімелері де осындай. Ертең Астанаға алып келеді дейді. Білмеймін не істейтінімді. Ертең, арғы күні деп бала өлгенше, ине барып қадалғанша жата беру керек пе?!» – дейді жауынгер Самат Нұрқожаұлының әкесі Нұрқожа Мырзағұлов.

Ал сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы естігеннен кейін ауырып қалған. Себебі жақында ғана тағы бір баласын көлік қағып, жер қойнына тапсырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз